«Бейәдеп сөз айтты»: Instagram-да тікелей эфирге шыққан Щучинск әкімінің басы дауға қалды
Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовтың Instagram-дағы тікелей эфирінен кейін жанжал туындады. Әлеуметтік желіде тікелей эфир біткенде әкімнің қала тұрғындарына бейәдеп сөз айтқаны қызу талқылануда. Алайда әкім бұның бәрін жоққа шығарған, -деп жазады Kznews.kz Kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
2 тамызда Щучинск қаласының әкімі Instagram-да тікелей эфир өткізіп, қала тұрғындарына атқарылған жұмыстар туралы есеп берген болатын. Qumash Telegram-арнасының хабарлауынша, эфирден кейін әкім қала тұрғындарының сауалдарына жауап бермей, тікелей эфирді аяқтауды шешіп, қош айтысты.
«Сосын, трансляция аяқталды деп ойлап, ол мынадай сөз айтқан: «Олар бұл сұрақтарды өзіне тықсын … (бір жерге)», — делінген арна бөліскен жазбада.
Instagram желісіндегі трансляция видеосы сақталмаған. Әлеуметтік желілерде әкімнің көмекшісі эфирді өшіруге әрекеттенетін соңғы кадрлар ғана пайда болды.
«Qumash» жазбасына жазған пікірде Бурабай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі тікелей эфирде әдепсіз сөздер болмағанын хабарлады.