Бауыржан Жақып «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

0

Ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып әлеуметтік желідегі парақшасында “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы болып тағайындалғанын  жеткізді.

«Еліміздің бас әдеби, мәдени апталығы — «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы қызметіне тағайындалдым. Бұрындары Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Әбділда Тәжібаев, Ісләм Жарылғапов, Сырбай Мәуленов, Жұмағали Сайн, Зейнолла Қабдолов, Жұмағали Ысмағұлов, Нығмет Ғабдуллин, Әнуар Әлімжанов, Шерхан Мұртаза, Төлен Әбдіков, Оралхан Бөкей, Ахат Жақсыбаев, Ұлықбек Есдәулет, Жүсіпбек Қорғасбек, Жұмабек Кенжалин, Жұмабай Шаштайұлы сияқты тұлғалар атқарған қызметке келу үлкен жауапкершілік жүктейді. Академик-жазушы Зейнолла Қабдолов өзімнің төл ұстазым, ал кейінгі жылдары Бас редактор болған Жанарбек Әшімжан мен Дәурен Қуат өзімнің төл шәкірттерім. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының шығармашылық жөніндегі орынбасары болып, 7 жылға жуық тер төктім. Енді міне Төраға Мереке Әбдешұлы Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағының Хатшысы — «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы қызметіне тағайындап отыр. Үлкен жауапкершілік пен сенімді ақтауға тырысамын», — деп жазды Фейсубуктегі парақшасында Бауыржан Жақып.