Бауыржан Момышұлының суреті астанадағы үйдің қабырғасына салынды

0

Суретші портретті ұстап тұрған әйелдің қолын бейнелеген. Бұл — батырларды майданнан күткен аналары мен сүйіктілері

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Елордадағы үйлердің бірінде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының суреті салынып жатыр.

Арт-жоба Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлады астаналық әкімдік.

Үй қай жерде орналасқан

Бауыржан Момышұлының суреті Ташенов көшесіндегі 10-шы үйде пайда болады.

Суретші портретті ұстап тұрған әйелдің қолын бейнелеген. Бұл — батырларды майданнан күткен аналары мен сүйіктілері.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Мурал в честь Героя Советского Союза Бауыржана Момышулы

Туынды авторлары TigrohaudCrew командасының граффити-суретшілері — Ержан Танаев пен Али Закир. Олар Қазақстан бойынша 15-тен астам ірі жобаның авторлары. Жуырда астанада дәрігерлерге арналған суретті де салды.

Бауыржан Момышұлы суретін қабырғаға бейнелеуге бір апта жұмсалған. Оған дейін бір айдан астам уақыт бойы дайындалды.

Тағы оқыңыз: Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы туралы қызықты деректер



sputniknews.kz