Бауыржан Байбектің әкесіне сот 51 750 тенге көлемінде айыппұл салды
Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы және Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі кінәлі деп танылды.
Қыдырғали Байбекке заңсыз кәсіпкерлік қызмет (ҚР ӘҚБтК 319-бабы) және заңсыз құрылыс (ҚР ӘҚБтК 463-бабы) фактілері бойынша екі әкімшілік хаттама жасалған еді.
Бүгін, 13 шілдеде, сағат 10-да Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қыдырғали Байбектің «Әулие»ТК-де тұрғын емес үй-жайға жеке кіреберіс салғаны анықталды. Бұл ретте уәкілетті органға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы ешқандай хабарлама түскен жоқ, сондай-ақ тиісті құрылыс бақылауы да болған жоқ.
Сот Қыдырғали Байбекті кінәлі деп тауып, 51 750 теңге көлемінде айыппұл тағайындады. Қаулыға қайта шағымдануға болмайды.
Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы және Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін тағы бір сот күтіп тұр.