Бауыржан Байбек Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті болып тағайындалды

0

2018 жылғы 8 желтоқсан 21:44 24

Бауыржан Байбек Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті болып тағайындалды


АСТАНА. ҚазАқпарат — Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұл туралы «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті.

«Бүгін Бауыржан Байбек мырзаны Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті қызметіне тағайындадық», — деп жазды Арман Шораев.