«Бауырына салу» фильмі Бакуде бас жүлде алды

0

Фильм «Baku International Film Festival 2024» фестивалінде бас жүлде алды. Фестивальде қазылар алқасының төрағасы, «Алтын глобус» сыйлығының иегері Сиддик Байрам қазақстандық фильмді жоғары бағалаған.

«Бауырына салу» фильмін Орталық Азиядағы мазмұнды фильмнің бірі деп айта аламын. Мұнда ұлттық дәстүрдің көлеңкелі тұсы, бала жанының нәзік психологиясы ашып көрсетілген. Қарапайым ауылдың қоңыр тірлігін баяндайтын фильм алдағы уақытта да шыңды бағындырады деп сенеміз!», – деді ауған режиссері Сиддик Байрам.