Бауырын құрт жеп тастаған: Қазақстандық дәрігерлер анасы мен баласын аман алып қалды — Қазақстан жаңалықтары
22 жастағы жүкті әйел облыстық ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Эхинококкты киста болғандықтан ананың өмірі мен құрсақтағы баланың өміріне қауіп төнді, деп хабарлайды Stan.kz.
Дәрігерлер уақыт өткізбестен күрделі ота жасады, деп хабарлайды Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Облыстық клиникалық аурухана мен облыстық перинаталды орталықтың дәрігерлері екі ота жасады.
Облыстық клиникалық аурухананың басшысы Жеңіс Серғазин отаны өзі жасады.
Мамандар кесарь тілігін жасаған соң әйелдің бауырының сол жақ бөлігін лапаротомия әдісі арқылы құрттардан тазалады.
Дәрігерлер осылайша анасы мен баланы құтқарын қалды. 3 келі салмақта қыз бала өмірге келді. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Анасы тиісті ем қабылдап жатыр. Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. 10 күндік емнен соң анасы баласымен қауышады.
Бұл биылғы жылғы бауырға қатысты екінші ота болды.
stan.kz