Баум тоғайы ерекше қорғалатын табиғи аумақ тізімінен шығарылды

0

Қазақстан үкіметі Алматыдағы Баум тоғайын ерекше қорғалатын республикалық маңызы бар табиғи аумақтар тізімінен шығарып, Алматының мемлекеттік табиғи қорықтар қорына енгізді. Үкіметтің бұл туралы қаулысы электрондық үкімет порталында жарияланды.

Тарихи деректер бойынша, Баум тоғайын (ол замандағы атауларының бірі Верный тоғайы) 1868 жылы жылы облыстың әскери губернаторы Герасим Колпаковскийдің жарлығымен Үлкен және Кіші Алматы станцияларының казактары еге бастаған. Қала Верный деп аталған тұста оны «Алферов тоғайы» деп те атаған. Кейін тоғайға Верныйда 47 жыл тұрған ғалым әрі орман маманы Эдуард Баумның есімі берілген.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Эдуард Баум мұрасы

2006 жылы Баум тоғайын Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің коммуналдық меншігіне беріп, құқықтық мәртебесі – ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи ескерткіш деп өзгерген.

Баум тоғайын Алматының коммуналдық меншігіне қайтару мәселесі бұрынғы әкім Ахметжан Есімовтің тұсында қозғала бастаған.

Баум тоғайы

Дереккөз: Азаттық