Батыс Қазақстанда жеті жүк көлігі соқтығысып қалды

0

Ірі жол апаты салдарынан Самара-Шымкент жолында көлік қозғалысы тоқтатылған.

Қазақстанның батысында Самара-Шымкент трассасында жүк көліктерінің ірі жол апаты болды, деп жазады Sputniknews.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Оқиға сейсенбі күні түске дейін тас жолдың 344-ші километрінде болған. Апат салдарынан жеті жүк көлігі зардап шекті. Кей деректерге сүйенсек, алда келе жатқан жүк көлігі кенеттен күрт тоқтап, салдарынан алып көліктер бір-біріне соғылған.

Көлік апаты орнында түсірілген видеода куәгер жолдың жабылғанын айтады. Көп ұзамай қозғалыс қалпына келтірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/