Батыс Қазақстанда жан түршігерлік жол апатынан 12 адам зардап шекті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Апат тас жолдың жөндеуде болған учаскесінде тіркеліпті. Қазавтожол тиісті белгілер орнатылған дейді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Ақтөбе — Атырау – Астрахань тас жолында екі көлік бір-біріне соғылып қалды. Оқиға салдарынан он екі адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Медициналық тексеру нәтижесінде екі зардап шеккен азамат ауруханаға жатқызылды.

Жол апаты 28 қарашада, түнгі сағат 23:30 шамасында Ақтөбе — Атырау – Астрахань тас жолының 743-ші километрінде болды.

«Исатай ауданы Манаш ауылы маңында Toyota Ipsum маркалы екі көлік бір-бірімен бетпе-бет соғылды. Апаттан кейін Аққыстау аудандық ауруханасына он екі адам келіп, көмек сұрады. Медициналық тексеруден кейін он адам үйіне жіберілді», — деп хабарлады «ҚазАвтожол»АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Ауруханада екі адам қалды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың бірі ауыр халде жатыр.

Жол апатының себебін тергеу барысында полицейлер анықтайды. Апат себептерінің бірі жүргізушілердің жөнделіп жатқан жол учаскесін көрмеуі болуы мүмкін.

Дегенмен ҚазАвтожол жолдың жөнделіп жатқаны туралы ескертетін барлық қажетті белгілер орнатылды дейді.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады



sputniknews.kz