Батыс Қазақстанда көшеде масқара болған прокурорлар жұдырық ала жүгірді

0

Прокурорлар біреудің үйінің бұрышына дәрет сындырған, оны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстанда біреудің үйінің бұрышына дәрет сындырған прокурорларға қатысты тексеріс басталды.

Ұятты жағдайды көшеде өтіп бара жатқан куәгерлердің бірі ұялы телефонына түсіріп алған, деп хабарлады КТК.

Камераны байқап қалған жігіттер бірден ышқырын жаба бастаған. Куәгердің айтуынша, көшеде дәрет сындырып тұрғандар Ақсай қаласының білдей прокуратура қызметкерлері. Құқық қорғаушылар көшеде адамдардың жүргеніне де қарамапты. Онымен қоймай, өздерін таспаға түсірген жігітке тап берген. Телефонын тартып алмақ болып, балағат сөздер айтқан. Біреудің үйінің қабырғасын былғаған әріптестеріне қатысты облыстық прокуртура тексеріс бастады. 

— Бердіғалиев Ерлан қоғамдық орында дәрет сындырып тұр. Жанында балабақша, мектеп бар. Ол жерде балалар жүреді.



sputniknews.kz