Батыс Қазақстанда коронавирус індетінен бір адам көз жұмды

0
0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Осылайша Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың саны қырық бір адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында коронавирус індетінен бір адам көз жұмды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Науқас 1967 жылы туған.

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Қазақстанда індеттен барлығы 41 адам қайтыс болды.  Қауіпті вирусты 10858 адам жұқтырып, 5404 жазылып шықты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз