Батыс Қазақстан облысында жолдар жабылды

0

Бүгін Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік құралдарының барлық түріне жолға шығуға тыйым салынды. Бұл туралы «Қазавтожол» кәсіпорыны хабарлады. Қазір облыста барлық бағыттар бойынша республикалық және облыстық маңыздағы жолдар жабық тұр.

Бүгін қарлы боран соғып тұрған Батыс Қазақстан облысында дауыл болатыны туралы алдын ала ескертілген. Ауа райын болжайтын мамандар аймақта жел күшейіп, бұрқасын, көктайғақ болады деп хабарлаған.

Дереккөз: Азаттық