Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінен ер адамның мәйіті табылды

0
166

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады облыстың полиция департаменті.

Құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес, еуропа өңді, шашы сары, шамамен 35-40 жастағы ер адамның мәйіті 14 шілдеде сағат 18.20-да Жайық өзенінен Пугачев көшесі жағындағы жағадан табылды.

Ер адам крест түрінде кулоны бар күміс алқа таққан.

Полиция жазатайым жағдайдың куәгерлері мен ер адамға ұқсас тұлғаның жоғалғаны туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 немесе 8 707 881 66 66 нөміріне хабарласуды сұрады.