Батыс Қазақстан облысында ондаған адам қар құрсауынан құтқарылған

0

Батыс Қазақстан облысында сенбі күні қар құрсауынан ондаған адам құтқарылып, 80-ге жуық автокөлік шығарылған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.

Ақжайық ауданында Чапаев — Қазталов бағытындағы жолдың 5-шақырымында жолдан түсіп кеткен «Газель» көлігі, Тасқала ауданында Орал — Тасқала жолында қарға батып қалған 7 жолаушысы бар екі жеңіл көлік, Тасқала — Мерей жолында 16 адамы бар бес жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылған.

Облыстағы кей жолдарда көлік апаты болған. Сенбінің кешінде Орал — Ақжайық жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, екі адам ауруханаға түскен.

Кешкі сағат тоғызға қарай Тасқала ауданында қар құрсауында қалған он жеңіл автокөлік пен олардағы 34 адам (жетеуі — бала) құтқарылған. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында қатты бұрқасынға байланысты барлық жолдар жабылған болатын.

Дереккөз: Азаттық