Батыс Қазақстан облысына жаңа прокурор тағайындалды — новости Казахстана

0

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасына жаңа басшы тағайындалды. Жандос Өмірәлиев ведеомство тізгінін қолына алды деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

today.kz

Фото:today.kz

Ведоствоның бұрынғы басшысы Сапарбек Нұрпейісов қызметінен босатылып, Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерін қорғау қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Өмірәлиев Жандос 1978 жылы туылған. 2000 жылдан бері прокуратура саласында жұмыс істеп келеді. Ақтөбе облысында әртүрлі қызметте, соның ішінде басшылық қызметте де жұмыс істеген.

2010 мен 2011 жылдары Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекші қызметінде — Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесі хатшысы болған.

2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

2017 –2018 жылдары Бас прокуратураның кадрлық дамыту департаментін басқарған.

2018 жылдың тамызынан бері Батыс Қазақстан облысының прокурор міндетін атқарушы болған.

2014-ші жылдан бері президенттік құқық қорғау органдарының басшылар резервіне енген.

Қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің орын алуын қамтамасыз етіп, прокурорлық бақылауды жетілдіргені үшін Елбасының жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.