«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері жаңа оқу жылына дайын
Әскери қызметшілер үшін әскери салттар ерекше мақтаныш туғызады. Әкери салттардың бірі «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде өткізіліп, түрлі лауазымдағы жауынгерлерге жеке қару мен әскери техникалар сеніп тапсырылды. Бұл шара әскерилерді өз қаруын ұқыпты ұстауға, сүюге және жауапты болуға баулиды.
Қауіпсіздік ережелерін жеткізу бойынша кешендік сабаққа Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарының барлық әскери қызметшілері қатысты. Олар үшін арнайы 13 оқу орыны әзірленді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жеке құрамға қауіпсіздік ережелерін жеткізіп, өрт жағдайлары мен күнделікті тіршіліктегі жарақаттану жағдайларын болдырмау, олар орын алған жағдайда қажетті іс-шараларды болдырмау, жауынгерлік даярлық, құрылыс, қызмет көрсету және парктік-шараушылық жұмыстары кезінде болуы мүмкін түрлі факторларды ескерту болып табылады.
-Бүгінгі күні өңірлік қолбасшылықтың барлық әскери бөлімдері жаңа оқу жылына толықтай дайын. Барлық әскери техникалар қысқы пайдалану жағдайына келтірілді, құжаттама және оқу-материалдық база әзір, сондай-ақ әскери полигондар қауіпті жарылғыш заттардан тазартылып, кез-келген жиіліктегі оқу-жаттығуларды өткізуге дайын. Әскери бөлімнің қажет деңгейіндегі қорлары қалпына келтірілді, дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталығының штаб бастығы подполковник Руслан Кубашев.
Қарулы Күштердің алдағы 2019 оқу жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінен кейін басталып, «Рухани жаңғыру – жауынгерлік рух тірегі» ұранымен өтеді.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы