Батыс көшбасшылары Путиннің психикалық тұрақтылығына күмән келтірді

0

Батыс көшбасшылары Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға соғыс ашуынан кейін оның психикалық тұрақтылығына күмән келтірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

Guardian газетінің ұсынған мәліметі бойынша, Украинаға басып керіген Путиннің «шынайы өмір туралы сезіміне» қатысты сұрақтар туындаған.

Олардың пайымдауынша, 69 жастағы Ресей президенті жақында коронавирусқа қарсы сақтық шараларынан кейін тұйықталып кеткен. Ол заманауи әлемнен бет бұрып, тарихты қазбалап, ұлы болуға ұмтыла бастағандай.

Басылым Путинмен бұрыннан таныс Франция президенті Эммануэль Макронның сөздерінен үзінді жариялады.

Макронның айтуынша, ол 2017 жылы жазда Путинді Версаль сарайында күтіп алған. Ал 2018 жылы оны Жерорта теңізі жағалауындағы өзінің саяжай резиденциясына алып барған. Сол кезде Ресей президенті тікұшақпен келіп, Макрондарға гүл сыйлап, жылы лебіз білдірген.

Алайда, Макрон Мәскеуде өткен келіссөздерден кейін Путин өзгеріп кеткенін айтқан. Оның айтуынша, 2019 жылы Елисей сарайында болған Путин мүлде басқа болған.

«Бұл адам, жұмсақ тілмен айтқанда, шынайылық сезімін жоғалтып барады» Еуропарламент мүшесі Бернар Гетта әскери шабуыл басталған кезде France Inter радиосына осылай деді. Ал журналистің «ол есінен алжасқан ба?» деген саулына ол «иә» деп жауап берген.

Геттаның айтқан сөздеріне Путинмен ұзақ жылдар бойы жақсы қарым-қатынаста болған Чехия президенті Милош Земан да қосылды.

«Ресейді бақылаушылардың барлығы оның қатігез қолбасшылық мінез көрсетіп жатқанын айтуда» деді тағы бір дипломат.

АҚШ-тың қолындағы мәлімет бойынша, Ресей Федерациясында 5 977 ядролық оқ бар. Ол бұл көрсеткішімен тіпті АҚШ-тың алдын орап кеткен.

Ресей президенті осы деректі жиі тілге тиек етіп, Донбастағы әскери операция кезінде де еске салды.

Сарапшылар газетке жоғарыда аталған қаруды басқалардың әрекетін қате түсініп қалуы мүмкін адамдардың қолдарында екенін айтып, оған алаңдаушылық білдірген.

Айта кетсек, ядролық қаруға тек бір адам қолжеткізе алмайды, ол тек қорғаныс министрі мен қарулы күштер штабы басшысының бұйрығымен жүзеге асады.

Guardian газеті Путинді біреу тоқта ала ма, жоқ па жауап бере алмайтынымен түйіндеді.