Домой Жаңалықтар «Басынан қан судай ақты»: Танымал актриса Дариға Бадықова жол апатына түсті

«Басынан қан судай ақты»: Танымал актриса Дариға Бадықова жол апатына түсті

0
105
“Келінжан” сериалындағы Айсара рөлімен танымал актриса Дариға Бадықова күйеуімен бірге жол апатына түсті, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы өнер жұлдызы өзінің Instagram-дағы парақшасында баяндап берді. Сарыағашқа күйеуімен бірге іс-шараға барған Дариға Бадықова қайтар кезде жол апатына түсіпті.

“Күні кеше Сарыағашқа іс-шараға бардық. Өз машинамызды Шымкенттегі қонақ үйдің алдына қойып, демалып барайықшы деп, басқа машинамен бардық. Той керемет өтіп жатты. Жолдасым елдің арасында аттың басын жіберіп биледі”, — дейді Дариға.

Алайда қайтар кезде көліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен.

«Жолдасым алдында отырды. Ұйықтамай-ақ келе жатқанбыз. Сарыағашқа келгенде жүргізушіміз қарсы бағытқа шығып кетті. Жан дауысым шықты. «Үлгермейсің, кір ішке» дедім. «Үлгерем» деген ойы болды-ау, үлгермей екі машина қарама-қарсы соғысты. Қарама қарсы келе жатқан машинаны көру сұмдық екен. Дауысымды шығармай өлдім болды дедім», — дейді актриса.

Осыдан кейін ол көліктің дөңгелегінің ұшып бара жатқанын көзімен көрген. Терезесінің әйнектері бетіне, шашының арасына кіріп кетіпті.

«Алдында отырған күйеуіме қарасам, үні шықпайды, қатып қалған. Басынан қан кетіп жатыр екен. Өзімді тез жинап, ең құрғанда біреуіміз қорғанайық дедім. Қорғануға тырыстым. Артық еш жерден ұстамай, басымды бетімді, орындықтың астына қарай тыға бердім. Машина тоқтай алмады. Көлік тоқтағанда айналадағы адамдар «түс, түтін шығып жатыр» деді. Неге тоқтамайсың деп айғайладым. Сөйтсек машинаның дөңгелектері жоқ екен. Дарханның басынан қанның су сияқты аққанын көру қиын екен. «Скорый» деп жатты. Дарханның жан дауысы шығып тұр. «Қолымнан ұстамаңдар» дейді. Анықтап барып қарасам, оң қолы салбырап тұр,— деп жазады Бадықова.

Осыдан кейін жедел жәрдем көлігі дереу жетіп, оларды ауруханаға апарған.

“Дарханды бірінші жібердік бізге қарағанда жағдайы ауыр болды. Әйнек кірген шекесін шыңғыртып тұрып тікті. Қолын рентгенге түсірді. «Жағдайы өте ауыр. Морт кеткен. Қолына гипс салып берген. Операцияны Алматыда жасатуға кеңес беріпті. Қалаға келгеннен кейін науқасты бірден жатқызған. Ал актрисаның бетіне зақым келген. Кеудедегі жүйке талшықтары қысылып қалған”, – дейді актриса.

Осындай жол апатынан, мыжылып қалған машинадан аман қалғанына Жаратушыға мың да бір шүкір, деп аяқтады сөзін актриса.