Басын керегеге ұрып, пышақтаған: Әйел маскүнем күйеуінің балаларға көрсеткен қорлығын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Кейіпкер Меруерт Қуанышбаева алты баланың анасы. Бүгінде жетіншісіне аяғы ауыр. Отбасымен бірге Жаркенттен Алматыны жағалап келгелі бесінші жыл. Көптен бері «Шаңырақ» ықшам ауданында пәтер жалдап тұрады. Бірақ соңғы күндері балаларымен бірге далада түнеуге мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының «Дау-дамайсыз» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Басын керегеге ұрып, пышақтаған: Әйел маскүнем күйеуінің балаларға көрсеткен қорлығын айтты

Маскүнем отағасы туған қызына пышақ сілтеп, жасөспірім ауруханада жатыр. Бұдан өзге әйелі мен 11 жасар қызына қол жұмсаған. 

«Сіңілімнің жетіншісіне аяғы ауыр екеніне қарамастан, күйеу балам үйден қуады. Кеше үлкен қызына пышақ сілтеген екен. Аяғын пышақпен тіліп жіберген. Қазір ауруханада жатыр», — дейді Меруерттің әпкесі Жұлдызай Қуанышева. 

Жәбірленуші әйелдің өзі қайғылы жағдай туралы қоғамдық көліктің ішінде тұрып естігені туралы айтады. 

«Автобуста кетіп бара жатқанымда қызым жылап хабарласты. «Мама, папам аяғымды пышақпен тілді. Басымды керегеге ұрды» деді. Басы ісіп қалған екен. Осылайша айдалада үсіп қалдым. Үйге келе салып, жедел жәрдем шақырдым. Артынша полиция қызметкерлері келді. Бір сағат болар-болмас уақыт ұстап, шығарып жіберді», — дейді Меруерт Қуанышбаева. 

Жәбірленушінің әпкесі балалардың әкесінен қорқып далада шомылып жүргенін айтады. Сондай-ақ, соңғы бір айдан бері күйеу баласының арақты салынып ішіп жүргенін айтты. Үлкен қызына пышақ сұғып, кенжесіне қол жұмсаған. 

«Өзім жұмыстамын. Кішкентайлардың бәрі далада аштан-аш жүр. Түнгі сағат төртте тұрып, картоп қуырып кеткен болатынмын. Аш қалмай, жеп отырғанын қаладым. Алайда оларды әкелері үйден қуып жіберген болып шықты. Тамақтың бәрін өзі жеп алыпты», — дейді Меруерт Қуанышева. 

stan.kz