«Басың істесе, фамилия да жетеді»: Болат Назарбаев үлкен ағасымен арасындағы қарым-қатынас туралы – Қазақстан жаңалықтары

0
42

Алматы қаласының құрметті азаматы, меценат Болат Назарбаев сұхбат беріп алғаш рет ағасымен қарым-қатынасы туралы айтты. Сұхбат Youtube каналында «Айна» бағдарламасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болат Назарбаев белгілі журналист, радиожүргізуші Гүлмира Нәлібайға берген сұхбатында үлкен ағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы алғаш рет ашық айтты.

«Өмірдің қиындығы болды. Барлығы үлкен ағасы көмектесіп жатыр деп ойлайды. Мен осы уақытқа дейін ол кісіден бір жұмыс сұрап, мына жерде істегім келеді деп айтқан емеспін. Басың жұмыс істесе, фамилия да жетеді. Ары қарай өзім алып кеттім. Ағама ауыртпалығымды түсірген жоқпын», – деді елбасының туған бауыры сұхбатта. Болат Назарбаев ағасына деген сыйластығы ерекше екенін жеткізді.

«Ол кісі маған әкедей болып кетті. Кейбір кездері үйге қоңырау шалса, орнымнан тұрып кетем. Бір орында отырып сөйлесе алмаймын ол кісімен. Жұмысқа да қоңырау шалады, орнымнан атып тұрамын. Ол қорыққандық емес, бауырдың бауырға деген сыйластығы деп ойлаймын», – дейді Болат Назарбаев.

Елбасымен қаншалықты жиі көрісіп тұрасыздар деген журналист сауалына «Сағынып кетсем бара саламын немесе өзі шақырып алады» деп қысқа қайырды.

stan.kz