«Басымнан ұрып, ауруханадан шықтым»: Бақыт Шадаева екінші некесі неге сәтсіз аяқталғанын айтты

0

Бақыт Шадаева екінші некесіне қатысты бар шындықты «Менің өмірім» бағдарламасында баяндады. Бұл туралы Kznews.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Айтуынша, жолдасы оны өзі іздеп тауып, танысқан. Екеуі енді сөйлесе бастаған кезде ер адам отбасымен әншінің үйіне құда түсіп келген. Шадаева сүйіктісінің үйленуге асығыстығы алаңдатқанын жасырмады. Бірақ ойлана келе оған тұрмысқа шығуға келісімін берген.

«Он жылдан кейін екінші рет тұрмысқа шықтым. Білімді, жақсы жігітті кездестірдім. Сол кезде көлік сатып алғанмын. Үйрену үшін ескі көлік алдым. Бір күні көліктің алғашқы иесі хабарласты. Темір тұлпарды мен сатып алғанын біліп, танысқысы келіпті. Ән жазамын деп айтты. Біз өнер адамдары ән туралы сөз болса, жақын тартып тұрамыз. Үйіне шақырды. Анасымен де таныстым. Сол жерде пианинода ойнап, өнерін көрсетті. Негізі өзі заң саласында сот болып жұмыс істейді екен. Солай танысып, жақсы қарым-қатынаста болдық. Ол ажырасқан. Маған анасы баласына жаңадан келіншек іздеп жүргендей көрінді. Менің есімім белгілі. Жүріс-тұрысымда бүкіл Қазақстан біледі. Екінші жолдасым үйге барлық туыстарымен бірге құда түсіп келді. Алайда мен олардың қатты асыққандарына таңғалдым, себебі менің гастрольден келген кезім, екеуміз аса сөйлесіп те үлгерген жоқпыз. Анам менің өнер жолында жүргенімді, менің халықтың қызы екенімді, барлығын түсіндіріп айтты. Олар бәрін білетінін, түсінетінін жеткізді. Солай үйлендік, мен де қуандым. Әрбір әйел бақытты болуға лайықты. Біз балаларымыз болса да, отбасылы болғанды қалаймыз. Олардың көз алдарында да жанұялы, жанында қорғаушысы болғанын қалаймыз», — деді әнші.

Еске сала кетейік, қазақ эстрадасының жұлдызы Бақыт Шадаева бірінші некесі сәтсіз аяқталған соң, он жылдан кейін екінші рет тұрмысқа шыққан. Өнер иесі бақытымды таптым деп жүргенде тағы да қателескенін түсінген. Ол екінші некесінде тұрмыстық-зорлық зомбылық болғанын мойындады. 

фото: instagram/bakhyt_shadayeva