«Басым бос емес»: Мөлдір Әуелбекова көпшілікті қызықтырып қойды
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова сүйіктісі бар екенін мойындады деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі өзіне сырттай ғашық, тіпті тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағысы келетін ер азаматтардың қарасы көп екенін білдірді. Мұны әншіге толассыз жолданатын сезімге толы хаттардан көруге болады.
“Жақынырақ танысып, сөйлессем деген ниетім бар”, “Қарапайым жігітпен танысар ма едіңіз?”, “Тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаса қалай қарайсыз?” деген сауалдарға ол: “Басым бос емес” деп қысқа да нұсқа жауап берді.
Сондай-ақ, Мөлдір Әуелбекова денсаулығының сыр бергенін көпшіліктен жасырып қала алмады.
Оқырмандарының бірі: “Қалайсыз? Бүйрегіңіз қалай, жақсы болып қалды ма?” деп өнер иесінің жағдайын сұрады. Мұндай сауал күтпеген әнші халықтың байқампаздығына қайран қалды.
“Қадан біліп отырасыздар? Айтып берейін енді… Осыдан бірнеше күн бұрын жедел жәрдеммен ауруханағ түстім. Бір апта далада өткен алаңдағы концерттерде жүріп әбден суық өтті. Содан бүйрегім ұстап, “приступ” беріп осындай хәлге түскенімді өзім байқамаппын. Дәрігерлердің бақылауында үйде емделейін деп сұранып келдім”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.