Басым бағыттардың бірі

0
84

Шеберханаға арнайы келген «Нұр Отан» партиясы Төр­ағасының бірінші орынбасары мекеме ұжымымен кездесті. Өз сөзінде М.Әшім­баев әлеуметтік бастамалардың маңы­зы мен олардың ел дамуына тигізер әсері жөнінде сөз етті.

– Елбасы Қазақстан халқы­на арнаған Жолдауында мүм­кіндігі шектеулі жандарға жүйе­лі қолдау көрсету жә­не олар үшін кедергісіз орта қа­­лып­­тастыру туралы алды­мызға нақты міндеттер қойды. Со­­ған байланысты партиямыз бел­­сенді әрекет етіп, нақты жұ­мыс­тарды қолға алды. «Кедер­гісіз келешек» партия­лық жо­басы аясында да бірне­ше бағытта ауқымды жұмыстар атқары­лып жатыр. Атап айт­қанда, инклюзивті білім беру ісіне, кедер­гісіз орта қалып­тас­тыруға, мүм­кіндігі шектеулі жан­дардың саяси-әлеуметтік өмірге белсене қатысуын қам­тамасыз етуге және оларды жұмыспен қамтуға басымдық беріп отырмыз, – деді ол.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту – қоғамымыздағы ең өзек­ті мәселелердің бірі. Өйткені өкінішке қарай мұндай аза-

маттарды барлық кәсіпорын бірдей жұмысқа қабылдай бер­мейді. Сол себепті «Нұр Отан» партиясы осы мәселені ше­шу­дің озық үлгілерін қарастырып, ұтымды жолдарын қолға алмақ.

– Әрине, мүмкіндігі шек­теу­лі азаматтар мемлекеттен тиісті жәрдемақы алады. Де­генмен олардың арасында жұмысқа қабілетті және ең­бекке араласқысы келетіндері бар. Сондықтан олардың қо­сым­­ша табыс тауып, өмір сүру сапасын арттыруына лайық­ты жағдай жасалуы тиіс, – деген М.Әшімбаев осы істе әлеу­мет­тік кәсіпкерліктің берері мол екенін айтты.

Сонымен қатар ол «Нұр Отан» пар­тиясының елімізде атал­­ған кәсіпкерлікті дамыту­ға ықпал етуді жоспарлап отыр­ға­нын жеткізді. Бұл істе «Green­TAL» сияқты ком­пания­лардың тәжірибелеріне ерекше назар аударып, оны Қазақстанның өзге өңірлерінде де іске асыруға жағдай жасалуы тиіс.

Әлеуметтік мекеменің жұмы­сымен танысу барысында М. Әшімбаев әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстарға да назар аударды. Оның сөзіне қара­ғанда, бұл істе мемлекеттік ор­ган­дар мен әлеуметтік кәсіп­керлердің арасындағы өзара іс-әрекетті жандандыру керек. Сондықтан партия тарапынан осы бағытта тиісті жұмыстар қолға алынбақ.

– Аталған істе әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың нақты ережесін қалыптастыруға және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге көңіл бөлу керек. Ол әлеуметтік кәсіп­кер­лер мен жұмыс істей­тін мүмкіндігі шектеулі жан­дар­дың мүддесін қорғап қана қоймай, мемлекеттік орган­дардың саясатына да сай болуы тиіс. Сондықтан осындай мәселелерді Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына қойып, тиісті жұмыстардың қолға алынуына ықпал ететін боламыз, – деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Айта кетейік, «GreenTAL» әлеуметтік шеберханасы жас кәсіпкер Эмин Аскеровтің бас­­та­масымен осыдан төрт жыл бұрын ашылған. Онда мүм­кін­дігі шектеулі жандар­ды оқытып, жұмысқа орна­ла­сты­руға қажетті жағдай жасалған.

– Әлеуметтік кәсіп­кер­лікпен айналысқысы келген жан алдымен бұл істің қо­ғамға қандай пайдасы бар екенін анықтап алуы керек. Кәсібің мен ішкі жан дүниеңде де үйлесім болуы тиіс. Мен қан­дай кәсіппен айналыссам да байлыққа белшемнен ба­туды көздеген жоқ­пын. Қай­та бизнесім арқы­лы ха­лық­қа қандай да бір көме­гімді тигізуді мақсат тұттым. Осы­лай­­ша, әлеуметтік кәсіп­кер­­лік­ке бет бұрдым, – дейді Э.Ас­­­ке­ров.

Бүгінде аталған әлеуметтік шеберханада темір, ағаш, дәне­кер­леу, тігін және безендіру цех­тары, көркемөнер студия­сы, сондай-ақ типография жұ­мыс істейді. Осы жерде дайын­далған өнімдер Астана нары­ғында жоғары сұранысқа ие. Сон­дай-ақ таяуда мұнда тренниг-кафеге арналған бөлім де ашылған. Ол жерде даяшылар, бармендер және ас үй қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істейді.

Жолдыбай БАЗАР,

«Egemen Qazaqstan»

Дереккөз: http://egemen.kz/