«Басы қатты болса…» Димаштың анасы концерт алдындағы келеңсіз жайтты еске алды
Светлана Айтбаева Мәскеудегі шоуға дайындық барысы туралы айтып берді
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі концерті алдында болған келеңсіз жайт туралы анасы Светлана Айтбаева әлеуметтік желіде айтты.
Димаштың анасы ең әуелі әншінің концерттік костюмдерін әзірлеп берген ақтөбелік дизайнер мен тігінші қыздарға алғысын білдірді.
Сонымен қатар, Светлана Айтбаеваның айтуынша, Мемлекеттік Кремль сарайындағы жеке концерті алдында Димаштың костюмдері жоғалып, біраз уайымға салынып, жүгірген екен. Абырой болғанда, киімдер көп ұзамай табылып, қазір сол әбігерді отбасы күліп еске алады.
Димаш НТВ арнасында қонақта болды: кадрдан тыс қалған қызықтар
«Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деген осы екен», — деді Димаштың анасы сөз соңында.
Еске сала кетсек, 22-23 наурызда Мәскеудегі Кремль сарайында Димаш Құдайбергеннің концерті дүркіреп өтті. Қос ән кешінде де залда ине шаншар орын болмады. Әлемнің 56 елінен Димаштың фанаттары Мәскеуге арнайы ұшып келген.
Танымал орындаушы Sputnik Қазақстан тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, Мәскеудегі алғашқы жеке ән кешінен алған әсері жайында бөлісті.
Димаш Құдайберген Роза Рымбаеваны құттықтады
sputniknews.kz