Басы дауға қалған Мейіржан Төребаевты енді ЛГБТ өкілдері айыптап, кінә тағып отыр

0
293
Танымал блогер Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деп күдікке ілінгеннен кейін тағы да айып тағылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Басы дауға қалған блогерді бұл жолы құқық қорғау органдары емес, ЛГБТ өкілдері айыптап отыр. Бұның барлығы блогердің «102 кезекшілігі тыңдап тұр» вайн-жобасына байланысты көрінеді. Онда Мейіржан Төребаев сержант образында қоңырау шалған адамдарға кезекші ретінде кеңес айтады.

Тағы бірде Құрманғазы мен Пушкин көшелерінің қиылысындағы гей-клубтың жанып жатқаны туралы қоңырау түседі. Қоңырау қабылдаған «сержант» Мейіржан досы Қайратқа хабарласып: «Қайреке, сен әлі көмір сатумен айналысасың ба? Иә, бізге көмір керек. Қазір «ЗИЛ-ыңды» Құрманғазы — Пушкин көшелерінің қиылысына апар. Онда гей-клуб өртеніп жатыр. Аздап көмір лақтырып кет! Тек тездет! Әйтпесе, ондағылар қашып кетеді. Олар сол жерде болған кезде үлгеріп бар. Толық жанып кетсін», – дейді вайн-әзілінде Мейіржан Төребаев.

Блогердің осындай әзілдері ертеде шыққанына қарамастан ЛГБТ өкілдерінің қытығына әлі де тиетін секілді.