Басы дауға қалған депутат-модель ашық-шашық киімді кім таңдап бергенін айтты

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Динагүл Тасова сән көрсетілімінде төсін жалаңаштап шыққаннан кейін соққыға жығылғанын мәлімдеген болатын

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Fashion Night Astana сән көрсетілімінде төсін жалаңаштап шығып, басы дауға қалған елордалық жастар мәслихатының депутаты, модель Динагүл Тасова «Еуразия» арнасына берген сұхбатында киімді өзі таңдамағанын айтып ақталды.  

«Көбісі бұрыс пікір қалыптастырып жатыр. Бояу жаққан, өзіне хайп істеді деп сөкті. Қалай бар, солай тұр. Адамдар фэшн индустрияға дайын емес екенін көрсетті. Осындай жағдайда өзіме жақын адамның қолдамай, керісінше қол көтеріп, қорлағаны жүрегіме ауыр тиді», — дейді жастар мәслихатының депутаты.

Динагүл Тасова сән апталығындағы киімін өзі таңдамағанын, бұл дизайнердің шешімі екенін айтты.  

«Әркім өз деңгейіне қарай қабылдайды. Мысалы, біреулер таза жалаңаш денені көрсе, біреулер ол жерде шығармашылық үлкен дүниені көріп жатыр. Мен оның астынан бір нәрсе киемін бе деп сұрадым. «Жоқ осылай киілуі керек» деп айтты», — деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Динагүл Тасова желтоқсанның басында сән көрсетілімінде төсін жалаңаштап шыққаннан кейін соққыға жығылғанын мәлімдеген болатын. Айтуынша, жақын санайтын адамы осылайша «қолдау» білдірген. 

«Мен оған ризашылығымды білдіремін – ол маған нағыз проблеманың не екенін ұғындырды! Жан жарасымен салыстырғанда тән жарасы ештеңе де емес. Мен бұл жайында үнсіз қалмаймын деп шештім!», — деп жазды Динагүл Тасова желідегі парақшасында. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/