“Бастығының аты-жөні…” — Марқұм офицер өлер алдында бастығына 213 мың теңге аударған
Аягөздегі гарнизонында «суицид жасады» деген 26 жастағы офицер Нұрсұлтан Алдамұратовтың анасы ұлының өлер алдындағы әңгімесімен бөлісті. Марқұм сарбаз соңғы рет бастығының шотына үлкен сомада ақша аударған. Бірақ оған дейін ол анасына 213 мың теңгені қателесіп аударып, кейін оны қайта сұратқан. Тіпті оның неліктен ақша сұрағанын айтқанда, себебіне дейін айтып берген.
«Балам маған 15 қыркүйекте 213 мың теңге ақша аударып жіберді. Біраз уақыттан кейін балам қайтадан телефон шалып, «Жаңағы ақшаны қайтадан жіберіңізші, мен бастыққа жіберем деп сізге аударып қойыппын», деді. Сосын мен ақшаны қайтадан балама жібердім. Сол кезде көңіліме күдік ұялады. Балама өзім қайта хабарластым да, «ол ақшаны неге бастығыңа бересің?» дедім. Ол: «Ертең саған «подъемный» түссе, сен көп ақша алдың деп әркім ақша сұрауы мүмкін, сондықтан маған ақшаңды аударып қой деді бастық. Осы ақша үшін менің баламды жамандыққа қиды ма деп ойлап отырмын. Бастығының аты — Нұржан Нұрқабаев», — деді Нұрсұлтан», — дейді Ботакөз Ысқақова.