Бастығы артық жұмыс істете берген 23 жастағы қыз өліп кетті — Қытай
Қытайда электрондық коммерцияның 23 жастағы қызметкері артық жұмыс істегені үшін көз жұмды. Оны жұмысқа қабылдаған компания өлгенін растады, алайда себебін жасырын қалдырды.
Daily Mail мәліметінше, Pin Duo Duo дисконттық қосымшасымен жұмыс істеген бойжеткен үйіне түнгі сағат 01:30-да қайтып келе жатып көз жұмған.
«Жұмақта шектен тыс жұмыс болмайды деп үміттенемін», — деп жазған бойжеткен әлеуметтік желіде.
Оның соңғы жұмыс күні қанша уақытқа созылғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Алайда шанхайлық таблоид қызметкерлердің демалыссыз сағат он бірден түнгі он бірге дейін жұмыс істейтінін жазған. Ресми олар сағат сегізге дейін ғана істеуі тиіс.
Сондай-ақ, басылым электрондық коммерция саласының «996 жұмыс сағат жүйесі» деп бекер аталмағанын жазған. Бұл бастықтардың қоластындағылардың аптасына 6 күн 12 сағат бойы жұмыс істеуін талап етеді деген сөз.
2019 жылы қытайлық Alibaba Group интернет-холдингінің басшысы, Қытайдағы бай адамдардың бірі Джек Ма «996» кестесін қолдап сөз сөйлеген болатын.
«Мұндай қарқынмен жұмыс істеуді — сый деп білу қажет», — деді ол.