«Басшысы милилион, қызметкері 200 мың алады»: Нығматулин мемлекет ақшасын ақтамағандарға ашуланды — Қазақстан жаңалықтары
Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин тұрғын үйлерді экономист, заңгер, инженер мамандар басқаруы керектігін айтты. Сондай-ақ, мүмкіндігінше бұл саланы әлемдік стандарттарға жақындатуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Сурет: Kazaknews
«Тұрғын үйді басқару – хобби емес, менеджерлік жұмыс. Тұрғын үйді басқаратындарға қандай талаптар қойылатыны Заң жобасында жазылуы тиіс. Бүгін таңертеңнен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту орталығының басшысын алдырдым. Жиенбаев, сіздің міндетіңізге қажетті кадрларды даярлау да кіреді. Негізі осы орталықтың жұмысы көп мәселе тудырады», — деді мәжіліс төрағасы.
Әрі қарай ол аталған орталықтың 100% мемлекеттің қатысуымен құрылып отырғанына және қазіргі таңда 97 қызметкер жұмыс істейтініне тоқталды. Сондай-ақ, олардың жұмысының алып отырған жалақыларына сай келмейтінін ескертті.
«Басшының орынбасарлары премьер-министрдікінен көп. Жалақылары да қайран қалдырады. Бірақ бұл мемлекеттің ақшасы болғаннан кейін бұл мәселені реттеу керек. Басшысы 1 миллион, ал қатардағы қызметкерлері 200 мың теңгеден алады. Мұндай аппарат және жалақысы бола тұра қалайша жұмыс істемейді», — деп шүйлікті Нұрлан Нығматулин.
stan.kz