Басшылары 92 млн. теңге сыйақы алатын Медициналық сақтандыру қоры не істеп жатыр?
«Медициналық сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының 2018 жылғы қаржылық және аудиторлық есептерін Liter.kz басылымы тексерген. Біз оны қазақ тіліне аударып ұсынып отырмыз. Барлық дерек көпшілікке қолжетімді ҚР Қаржы министрлігінің сайтында сақталыпты, қызықты ақпараттар табылса да, қор бұған қатысты еш пікір білдірмеді.
ҚР депозиториясының ресми сайтында қордың жалпы табысы желтоқсанның аяғында 5 949 713 000 теңгені құрады, ал жалпы және әкімшілік шығындар 4 423 377 000 теңге (қордың өзіне кірістің үштен екі бөлігі жұмсалады), оның 3 047 663 000 теңгесі тек еңбекақыны төлеуге жұмсалған.
2017 жылғы қаржы есебінде қызметкерлерге жалпы сомасы 697 373 000 теңге еңбекақы төленгені белгілі болды. Редакторлар жалақыдағы мұндай айырмашылыққа не себеп болды деген сұрақ қойды. Қордың жалпы еңбекақсының өсуіне қызметкерлер санының бірнеше есе артуы түрткі болыпты.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2016 жылдың соңында құрылып, штатта ол уақытта 10-нан кем адам жұмыс істеген. Қордың штат құрамы 2017 жылы толық жиналған жоқ. Ал 2018 жылы штат құрамы ұлғайды, себебі Қазақстан Республикасы бойынша 16 филиал құрылып, сәйкесінше еңбекақы мөлшері де өскен.
Бүгінгі таңда әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлерінің саны қанша деген сұраққа «ашық» мемлекеттік орган жауап берген жоқ. Редакция сондай-ақ Қордың басшысы Айбатыр Жұмағұловтың еңбекақысына қатысты сұраққада қызығушылық танытты. Десе де бұл сұрақ та жауапсыз қалды.
«Қордың Басқарма Төрағасының еңбекақы мөлшерін Қордың Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгілейді», — делінген хабарламада.
Акционерлік қоғамның атқарушы орган мүшелеріне 2018 жылдың қорытындысына сәйкес сыйақылардың жалпы мөлшері туралы ақпаратта атқарушы органның бес мүшесіне 92 173 262,69 сомасында сыйақы төленгені белгілі болды. 2018 жылы Елена Бахмутова Әлеуметтік сақтандыру қорының басқарма төрағасы лауазымында еді. Ол және төрт адам атқарушы органның мүшелері болғандықтан, салмақты сыйақы алған. Атқарушы органның бес мүшесіне 92 миллион теңгеден астам сыйақы не үшін төленді деген сұраққа қор екіұшты жауап қайырды.
«Қордың атқарушы органының бес мүшесіне 2018 жылдың қорытындылары бойынша сыйақылардың жалпы сомасы туралы ақпарат жарияланған, онда есепті кезеңдегі атқарушы орган мүшелеріне төленген барлық төлемдердің жалпы сомасы, оның ішінде жалақы және қаржылай ынталандырудың барлық түрлері туралы ақпарат бар», — делінген хабарламада.
Егер атқарушы органның бес мүшесінің әрқайсысының еңбекақысы бір миллион теңгені құраса, бір жыл ішінде бес қызметкерге жалпы сомасы 60 миллион теңге төленген. Ал қалған 30 миллион теңге тоқсан сайынғы сыйақылар мен бір жыл ішінде сыйақы ретінде берілген.
Қордың басшысы Айбатыр Жұмағұлов Қордың қызметіне БАҚ-тың қызығушылық танытуын тапсырыс әрекеті деп санайды. Сондықтан болар еңбекақыға қатысты сұраққа үн қатпады.
«Егер тікелей маған қатысты сөз болса, мен бұған дейін де бірінші басшы болғам. Ал бюджетке келер болсақ, бұл одан бірнеше есе көп. Вице-министр болдым. Онда да сауалдар туындаған жоқ (бюджетке қатысты- ред). Қорда бір жарым жылдан артық жұмыс істеп келемін. Осы жылдан бастап сұрақтар туындап жатыр. Мұның артында басқа адамдардың тұрғанын түсінемін. Маған қарсыластардың ластықты (әдістерді-ред) таңдап алғаны ұнамайды.Мен сіздердің әріптестеріңізге декларацияларды көрсетпек болған ем. Бұл мұздақтың беті ғана. Шындығында бұның артында мен, менің отбасым емес, барша жүйе кедергі келтіріп тұрған біреулер бар », — деді Жұмағұлов Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында. Liter.kz редакциясы Жұмағұловқа қатысты тапсырыстың келмегенін, барлық деректі ашық дереккөзден алып, қордың өзіне тікелей сұрақ қойғандарын жазады. Алайда мемлекеттік орган БАҚ жолдаған сауалдарға мойын да бұрмады.