“Бассейндегі қыз бен жігіт видеоға түсіп қалды”: Жігіт ерсі әрекеті үшін кешірім сұрады (видео)

0
13844

Алматыда қоғамдық бассейнде ерсі әрекет көрсеткен жігіт өз әрекетін түсіндірді. Бұған дейін көпшілік орында ерсі қылық жасағандардың әрекеті желіде тарап, қызу талқыға түскен еді.

Бейнероликте қыз бен жігіттің бассейнде жақындасқаны, ал басқа адамдардың айналада жүзіп жүргені көрсетілген.

«Мен болып жатқан оқиғаға қатты ашуландым, өйткені бұл бассейннің басқа қонақтарын құрметтемеу. Сонымен қатар кішкентай балалар да оларды көреді және бұл оларға психологиялық тұрғыда жарақат әкелуі мүмкін. Біз дереу бұл фактіні тексеріп, заң бұзушыларды ұстадық»,  – дейді Алматы полиция департаменті жетекшісінің орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөз айтылады!

Қыз бен жігіт бассейндегі жыныстық қатынас фактісін жоққа шығарады, бірақ жігіт орынсыз әрекет үшін кешірім сұрады.

“Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары. 28 шілде күні қоғамдық бассейнде дос қызым суға түсе алмағандықтан оны құшақтағаным рас. Бірақ ешқандай жыныстық қатынасқа түскен жоқпын. Сонда да ерсі қылық жасағаным үшін кешірім сұраймын”, – деді ол.