Басқарма басшысы ауысты. Алматыда жетімдерге арналған қоғамдық жобаны қарамағына алмақ
БҰҰ-ның мүгедектігі бар адамдардың құқығы туралы конвенциясын және «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыратын механизмдерді жасап шығаруға бағытталған, ең бастысы, ментальды ауытқуы бар азаматтардың ауру белгілерін «тұншықтырмай, керісінше емдеп-жазуға бағытталған «Қамқор отау» жобасын Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы өз қарамағына алмақ. Бұған себептері де жоқ емес.
Алайда 2017 жылдан бері Прага, Амстердам, Париж, Будапешт және Нью-Йорк қалаларындағы әріптестердің тәжірибесіне сүйене отырып, «Қамқор отау» жобасының негізін салушылар мұндай өзгерістің бенефициарларды суицид жасауға итермелеуі мүмкін екенін айтып дабыл қағуда. Сондай-ақ, басшы ауысқан сайын жобаның қоғам үшін өзектілігін түсіндіру қиынға соғатынын алға тартады.
Осы және өзге де өзекті мәселелер 4 наурыз күні сағат 13:00-де Zoom платформасында талқыланбақ.
Қатысамын деуші қоғам белсенділері, заңгерлер, журналистер, қарапайым қала тұрғындары — бәріне есік ашық. Ең төменде көрсетілген мекенжай бойынша offline қатысуға рұқсат.
Спикерлер:
- Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының өкілі;
- Эльвира Азимова — ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
- Мануэль Мартинез – халықаралық психианализ ассоциациясының мүшесі, психоаналитик, тәуелсіз сарапшы;
- Тамара Асимова – психиатр, психотерапевт, профессор;
- Анна Құдиярова – жоба авторы, Орталық Азиядағы психоанализ институтының директоры;
- Бакытжан Құдияров – «Психоаналитикалық ассоциация»;
- «Демеу» әлеуметтік қызмет орталығы;
- жоба мүшесі — Гүлнәр Сағиева
- жоба мамандары.
Конференцияға қосылу үшін сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/81516571802?pwd=TzhOdFNBaEMya2loVmpoRzljeXh1QT09
Идентификатор: 815 1657 1802
Код: 000
Мекенжай: Алматы қ-сы, Мамыр-4 ықшам ауданы, 200Б, Психоанализ орталығы (https://go.2gis.com/pf5sds)
Уақыты мен күні: 13:00, 4 наурыз, 2021 ж.