«Башқұрт-қазақ бір туған»: Ay Yola тобының солисі «Балбырауын» күйін тартты

0

Башқұртстандық Ay Yola тобының солисі Ринат Рамазанов қазақ халқына алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, Ay Yola тобының “Homay” әні 14 наурызда шықты. Әннің сөзін Диана Кильдина жазған. Осы уақыт ішінде Ay Yola YouTube-арнасындағы бейнебаян 930 мыңнан астам қаралым жинаған. Музыкалық платформаларда бірінші орынға жайғасқан.

«Қазақ халқына мың алғыс. Бауырлас ретінде қолдады. Түркі музыкасымен әлемдік рейтингтерде көш бастайық», – деп жазып, “Балбырауын” күйін шертіп берген.

Желі қолданушылары топтың өнеріне жоғары баға беріп, ынтымақ пен бірлік тілеп жатыр.

“Башқұрт-қазақ бір туған”, “Тек алға”, “Өте керемет тартып берді”, “Күніне бірнеше рет әнді тыңдаймын”, “Домбырамызға қатты ұқсайды екен”, – деп жазды көпшілік.