Домой Жаңалықтар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазфосфат» ЖШС-ға қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазфосфат» ЖШС-ға қатысты тергеу жүргізіп жатыр

0
139

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен Жамбыл облысы әкімдігінің аммофос бағасының көтерілуіне қатысты шағым түсті. Соның негізінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазфосфат» ЖШС-на қатысты монополияға қарсы тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

Аммофостың бәсекелестікке қабілеттілігін талдау арқылы «Қазфосфат» ЖШС-ның нарықта басым рөлді атқаратынына көз жеткіздік.

«2021 жылдың қараша айында аммофос бағасы 125 000 теңгеден 168 750 теңгеге дейін өскен. Жыл басымен салыстырғанда өсім 35%-ды құрады.  Бұл ретте 2022 жылдың қаңтарында баға 185 625 теңге болды.  2021 жылдың қаңтарына қатысты бағаның өсуі 48,5%-ды құраған», — делінген хабарламада.

Сонымен бірге, AZRK мәліметтері бойынша, тауарды өндіру мен өткізуге қажетті шығындардың өзгеруі бағаның да өсуіне алып келген. Алайда есептеу нәтижесінде мұның дұрыс еместігі анықталды.

«Жүргізілген тергеп-тексеру шаралары аясында «Қазфосфат» ЖШС өзінің үстемдігін асыра пайдаланып, аммофосты монополиялық жоғары бағамен сатқаны, бұл өз кезегінде түпкілікті өнімнің бағасына, жалпы сатып алу қабілетіне әсер ететіні анықталды. Қазіргі уақытта Кәсіпкерлік кодексінің 224-бабының негізінде «Қазфосфат» ЖШС-ны тексеру қорытынды жобасы жолданды. Тергеу қорытындысы шығарылғаннан кейін заңға сүйене отырып, жаңа шешімдер қабылданады», — деді агенттік.