Бас санитарлық дәрігер Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына бармауды өтінді

0
136
Сурет: Mansur_2055

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарға үндеу жолдады. Ол ел тұрғындарын Нұр-Сұлтан мен Алматыға барудан бас тартуға және Наурыз мейрамында қонаққа бармауды сұрады, деп хабарлайды Covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

— Өздеріңізге белгілі, соңғы күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады.

Кеше елдің екі ірі мегаполисінде Covid-19 ауруы ел бойынша анықталған барлық жағдайлардың 55% – ын құрады.

Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жоғары қаупі Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жоғары қаупі қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізуге байланысты. Қоғамдық көлікте алдын алу шараларын сақтамау, сондай-ақ үй карантинін сақтамауға байланысты індет тез тарауда.