Бас санитар дәрігер сайлауға байланысты жаңа қаулы шығарды

0

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің алда өтетін саясаи науқанға байланысты сайлау алды үгітті жүргізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөнінде арнайы қаулы шығарды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде халық арасында CОVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабы 1-тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарының сайлауында сайлау алды үгітті жүргізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар бекітілсін.
  2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының әкімдеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлеріне, аумақтық сайлау комиссияларына, саяси партияларға, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығына жұмыста пайдалану үшін жіберілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауында сайлау алды үгітті жүргізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу жөніндегі шаралар КВИ-дың таралуына байланысты тәуекелдердің алдын алу, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті және азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
  2. Сайлау процесінің барлық қатысушылары:

1) бір рет қолданылатын медициналық немесе қорғаныш маскаларын (бұдан әрі – маскалар), қолғаптарды кию режимін міндетті түрде сақтауы;

2) қолды дезинфекциялау үшін антисептикалық құралдарды пайдалануы;

3) адамдар арасында бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы;

4) қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа да түрлерін болдырмауы қажет.

 

  1. Сайлау алды үгіт

 

  1. Сайлау алды үгіт іс-шараларын теледидар, радио, баспа басылымдарын, интернет-ресурстарды пайдалана отырып, онлайн режимде өткізу ұсынылады.
  2. Сайлау алды көпшілік іс-шараларын жүргізу арқылы сайлау алды үгітті өткізу кезінде осы шаралардың 2-тармағында көрсетілген КВИ-дың таралуының алдын алу жөніндегі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
  3. Сайлау кампаниясы үшін арнайы дайындалған тегін баспа материалдарын, оның ішінде иллюстрациялық материалдарды, сондай-ақ белгішелерді, жалауларды, жалаушаларды таратуды бір рет қолданылатын қолғаптарды және қорғаныш маскаларын пайдалана отырып жүзеге асыру қажет.
  4. Сайлау алды көпшілік іс-шараларын және үй-жай ішінде сайлаушылармен жеке кездесулерді өткізу кезінде:

1) әлеуметтік қашықтықты мүлтіксіз сақтау үшін жеткілікті кең үй-жайларды пайдалануды;

2) іс-шараға қатысушылардың температурасын үй-жайға кіреберісте байланыссыз бақылауды;

3) үй-жайға кіреберісте және үй-жай ішінде қолды дезинфекциялауға арналған құралдарды пайдалануды;

4) жуу құралдарын қолдана отырып, үй-жайды және барлық жұмыс беттеріне ылғалды жинау жүргізуді, дезинфекциялауды;

5) жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда үй-жайға тұрақты желдету жүргізуді;

6) ғимараттың техникалық мүмкіндіктері болған кезде үй-жайға бөлек  кіретін және шығатын жолдарды;

7) КВИ-дың профилактикасы шараларын сақтау туралы ақпараттық материалдарды орналастыруды;

8) үй-жайға кіреберісте және үй-жай ішінде қашықтық белгілерін орнатуды;

9) қатысушыларды әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызуды қамтамасыз ету қажет.

  1. 7. Сайлау алды іс-шараларын өткізу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті және азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілік іс-шаралар ұйымдастырушыларына жүктеледі.