Бас санитар дәрігер отбасылық отырысқа қай кезде рұқсат берілетінін айтты 

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қонақ шақыру мен қонаққа баруға шектеу сақталады. Алайда науқастардың саны азайғанда оны да алып тастайды

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова отбасылық шараларға рұқсат беруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Осы сұрақты жиі қояды. Өкінішке қарай, әзірше ондай шараларға рұқсат жоқ. Себебі коронавирус тез жұғады. Мысалы, кеше ғана осы мәселені талқылағанда аймақтарда болған бірнеше жағдайды еске алдық. Ол жақта шектеуге қарамастан, ауызашар жасалған. Сонда болған адамдардан коронавирус табылған», — деді Есмағамбетов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, әзірше қонақ шақыру және қонаққа баруға шектеу қала береді. Алайда науқастардың саны азайғанда оны да алып тастайды. 

Тағы оқыңыз: Үкімет дәмхана мен мейрамханалар қай кезде ашылатынын айтты 

«Ол уақыт келеді. Науқастардың күнделікті өсу қарқыны 2 проценттен төмен болғанда, сосын сырттан келетіндерді санамағанда елдің ішінде науқастардың тіркелуі тоқтаса, отбасылық шараларға рұқсат беріледі», — деп атап көрсетті Есмағамбетова.



sputniknews.kz