Бас санитар дәрігер коронавирустан жазылып шыққандардың иммунитеті туралы айтты

0
78

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Осы уақытқа дейдін Қазақстанда індет жұқтырған 5 279 науқас тіркелді, оның ішінде 2 108 адам жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирустан жазылып шыққан адамдардың иммунитеті туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бүгінде коронавирустан жазылып шыққандардың осы инфекцияны тағы жұқтырғаны туралы нақты ғылыми дәлел жоқ. Иә, иммунитет қалыптасады. Бірақ ол қашанға дейін сақталады? Иммунитет қаншалықты мықты? Әзірше, осы сұрақтарға нақты жауап бере алмаймыз», – деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кетейік, осы уақытқа дейдін Қазақстанда 5 279 науқас тіркелген. Олардың ішінде 2 108 адам жазылып шықты. Қайтыс болғандардың саны – 32. Соңғы кезде республикада инфекцияны жұқтырғандарға қарағанда жазылып шыққандардың саны басым болып тұр.



sputniknews.kz