Бас санитар дәрігер көкөніс пен жемісті қандай сумен жуу керек екенін айтты  

0
14

Инфекцияны ауыз арқылы жұқтыруға қатысты нақты мәлімет жоқ. Дегенмен, жеке гигиенаны сақтап, жемісті де, көкөністі де сабынмен жуу керек, дейді Есмағамбетова

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясының азық-түлік арқылы жұғу қаупі жайында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Дәл қазір инфекцияны ауыз арқылы жұқтыруға қатысты нақты мәлімет жоқ. Дегенмен, жаз болғасын ішек инфекциялары бар екенін ұмытпау қажет. Сондықтан жеке гигиенаны сақтап, жемісті де, көкөністі де сабынмен жуу керек», – деді Есмағамбетова онлайн брифингте.

Оның айтуынша, COVID-19 көбінесе ауа арқылы таралады. Алайда тауардың қаптамасында да инфекция болуы мүмкін. Әзірше, ондай жағдайлар тіркелмеген. Дегенмен, ғалымдар вирустың пластикте 72 сағат, ал қағаздың бетінде 24 сағатқа дейін сақталатынын жазып жүр.  

«Коронавирустың азық-түлік қаптамасы арқылы жұғуы екіталай. Соған қарамастан, сақтық шараларын сақтау қажет. Тауарды қаптамамен сатып алсаңыз, оны алып тастаңыз. Мысалы, жеміс пен көкөністі ыстық сумен жуған дұрыс. Себебі вирус жоғары температураға шыдамайды», – деп түсіндірді Есмағамбетова.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз