Бас санитар дәрігер карантин кезіндегі моншалардың жұмысы туралы айтты
Қысқа сілтеме алу
Күту залында адамдар жиналмауы қажет және қызметкерлермен тікелей байланыс болмауы шарт. Адамдар саны нысан сыйымдылығының 30 процентінен аспауы тиіс
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева моншаларға қойылатын талаптар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Монша және сауналар үшін бассейнсіз жұмыс кестесі сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін болады. Алдын ала жазылу керек. Сосын нысаннан жалпы сыйымдылығын 30 проценттен артық адамға толтыруға болмайды», — деді Пірәлиева бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, күту залында адамдар жиналмауы қажет және персоналмен тікелей байланыс болмауы шарт.
Айта кетейік, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында 20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Петропавлда моншаларды ашуға шешім қабылданды. Бұдан бөлек, сауда орталықтары да ашылады. Бірақ фуд-корттар, ойын-сауық алаңдары мен кинотеатрлар жабық болады.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда сауда орталығында зейнеткердің неден көз жұмғаны анықталды
sputniknews.kz