Бас санитар дәрігер елдегі жағдай туралы ақпаратты бөлісті

0
10
Advertisement

Бас санитарлық дәрігер блок бекеттерді орнату мәселесіне тоқталды. Шығыс Қазақстанда санитарлық бекеттер орнатуға шешім қабылданған болатын

Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Негізі, республика бойынша ауру өршіп кеткен аймақтар жоқ. Дегенмен, «сары зонаға» кіретін облыстар бар. Ол – Солтүстік Қазақстан. Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы енген болатын», – деді Қиясов арнайы онлайн брифингте.

Оның айтуынша, әзірше коронавирусқа қатысты жағдайдың ушығып кету қаупі жоқ.

«Қолға алынған күшейтілген шаралар өз нәтижесін береді деп сенеміз. Негізі, шекаралас елдермен салыстырғанда бізде жалпы жағдай тұрақты», – деп атап көрсетті Қиясов.

Осы орайда бас санитарлық дәрігер блок бекеттерді орнату мәселесіне де тоқталды. Шығыс Қазақстанда санитарлық бекеттер орнатуға шешім қабылданған болатын. Бұдан бөлек, Қарағанды облысында санитарлық бекеттерді қою жоспарланып отыр.

«Қарағанды облысында санитарлық бекеттер алдын алу шарасы ретінде қолға алынып отыр. Бұл – жергілікті биліктің бастамасы. Себебі облыстың кейбір аудандарында аурудың өршіп кеткені байқалды. Мәселен, Ақтоғай ауданындағы «Алтын Алмаз» кәсіпорнында жұмысшылар арасында науқастар көбейген», – деді Қиясов.

Ол қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жақын арада республика бойынша блок бекеттер орнату жоспарда жоқ екенін айтты. Мұндай шара жағдай нашарлаған кезде ғана қолға алынады.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз