Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты

0
3
Advertisement

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ол аймақтар ішіндегі блок бекеттердің эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірте-бірте алып тастай бастағанын атап өтті

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова блок бекеттердің алынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, барлығы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

«Карантин режимін жеңілдету жағдайға байланысты кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Қуанышқа орай, әуе рейстері арқылы қатынайтындар автобус және көлікпен жүретіндерге қарағанда аз. Бұл – бір. Екіншіден, біз аймақтардағы жағдайға қараймыз», – деді Айжан Есмағамбетова.

Бас санитардың айтуынша, аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай түзелген жоқ, сол себепті қазақстандықтар қалалар арасында көлікпен емін-еркін жүре алмайды.

«Бір өңірде науқастар көп тіркелді, бір аймақта науқастар саны аз. Қалалар арасында инфекцияны қосымша тасымалдау болмас үшін осындай шаралар қажет. Бірінші кезеңде әуе рейстерін қостық, екіншісінде теміржол қатынасы қосылды. Келесі кезеңде аймақтар арасындағы блок бекеттер алынып тасталуы мүмкін», – деді бас санитар дәрігер.

Есмағамбетова аймақтар ішіндегі блок бекеттердің эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірте-бірте алып тастай бастағанын атап өтті.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясы 8 969 адамнан табылды, оның ішінде 4 560 адам сауығып, 35 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз