Бас прокурордың орынбасары Францияда миллион долларға сатылымға шығарған вилласы бар екенін мойындады
Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов Францияда вилласы бар екендігі туралы желіде бұрын пайда болған ақпаратты растады.
Байжанов бұл жағдайдан сенсация жасамауды сұрады. Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, ол мемлекеттік қызметке келгенге дейін 20 жылдан астам уақыт бизнесте жұмыс істеген және вилланы сол ақшаға алған.
«Бұл ақпаратты ешқашан жасырмағанмын. Конституция бойынша заңсыз өндірілген мүлік қана қудаланады. Мен бұл мүлікті бизнесте жұмыс істеген кезде сатып алдым. Барлық мемлекеттік қызметшілер сияқты мемлекеттік қызметке кіру кезінде заңға сәйкес бұл ақпараттың барлығы декларацияларда ашылады. Арнайы тексеру жүргізіледі. Бұл 13 жыл бұрын болған. Саяси лауазымдарға тағайындауға келгенде тексеру өте мұқият жүргізіледі. Сондықтан одан сенсация жасаудың қажеті жоқ», — деді Байжанов журналистерге мәжіліс аясында.