Бас прокурор қаза тапқан 230 адамның тізімі не үшін жарияланбайтынын айтты

0
64

Мәжіліс отырысында депутат Снежана Имашева бас прокурор Берік Асыловтан Қаңтар оқиғалары кезінде қайтыс болғандардың тізімін қашан жариялайтынын сұрады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Бұл сұрақың қойылғаны өте дұрыс. Қаза тапқандардың тізімін зерттедік. Толық дұрыс деп айта алмаймын. Кейбір шикіліктер бар. Қаза тапқандардың тізімін ресми түрде жариялаған жоқпыз. Жариялаған кезде туысқандарына тағы қайғы әкелеміз деп ойлаймыз. Ресми түрде сондықтан жариялаған жоқпыз», — деді бас прокурор.

Ол өз сөзінде 230 адам қаза тапқанын тағы да айтып өтті.

«Барлық мән-жайды тексеріп, кімнің шабуыл жасағанын, кімнің бейбіт тұрғын екенін анықтап, өзіңізге баяндаймыз», — деді ол.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та Берік Асыловтан тізімді не үшін жарияламайтынын, тергеу тарапынан шектеулер бар ма екенін сұрады.

«Шектеулер бар. Қылмысты тергеу кезінде бәрі зерделенеді. Анықтағаннан кейін ғана жариялаймыз», — деді ол.