Бас прокурор Энергетика вице-министрін 215 млн теңгені жымқыруға қатысы бар деп айыптады
Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның мемлекет қаржысын жымқыру дерегіне қатысы болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
«Жақында ғана тағайындалған Энергетика вице-министрі, Қарағанды облысындағы Саран қаласының бұрынғы әкімі Анатолий Шкарупаға қатысты заң аясында кінә тағылып отыр.
Ол 2015 жылы ешқандай орталық жылу жүйесі жоқ Саранға жылу есептегіш құрылғыларын қою үшін бөлінген 215 миллион теңгені жымқыруға қатысқан. Есептеуіштер бос қабырғаға монтаждалған», — деді Бас прокурор.
Қожамжаров аталмыш мәселеге қатысты прокуратураның тексеріс жұмыстарын бастағанын мәлім етті.
«Қазақстан бойынша жылу есептегіштерін 1 миллиард теңгеге қымбат бағамен сатып алу дерегі анықталды. Инвестиция және дамыу министрлігіндегі Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының даму қоры заңнамадағы талаптарға қарамастан есептеуіш құрылғыларды өндірушінің өзінен емес, алып сатарлардан алған», — деді ол.