Бас прокурор чемпион Елдос Сметовті қабылдап, оған бағалы сыйлық берді

0

Берік Асыловтың чемпионға нақты не сыйлағаны хабарланған жоқ

Бас прокурор Берік Асылов Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті қабылдап, оған бағалы сыйлық тапсырды, деп хабарлайды Kznews.kz. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Сметов прокурорлардың дене шынықтыратын кешенін аралап көрген.

«Құттықтау сөзінде Бас прокурор чемпионды Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап, Елдос Сметовке алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті», — деп жазды баспасөз қызметі.

Айта кетейік, күні кеше Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев чемпионға Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйлаған еді.