Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты істің қайта қаралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді

0
90

Бас прокуратура өкілдері Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық істің қайта қаралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Заманбек Нұрқаділовтың өлімі дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бас прокуратура бұл мәліметтер шындыққа жанаспайтынын хабарлайды», — делінген Бас прокуратураның Telegram-каналында.