Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бас прокуратура әлеуметтік желілерде тарап жатқан заңсыз митингіге шақыруларға байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов қазақстандықтарға үндеу жасады.

«Әлеуметтік желілерде тыйым салынған және сот экстремисттік деп таныған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымы 2019 жылдың 21 қыркүйегінде заңсыз наразылық акцияларын өткізуге және оған қатысуға шақыру таратып жатыр», — деп мәлімдеді бас прокурордың орынбасары.

Асылов ескерткендей, деструктивті күштер жалған ақпарат таратып, халықты алдап, тәртіпсіздіктер мен әлеуметтік және ұлттық араздық тудыру арқылы қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді.

«Мұндай әрекеттерге заң жүзінде тыйым салынған, сондықтан құқық қорғау органдары заң бойынша белгіленген тәртіпте қатаң шара қолданатын болады», — делінген үндеу мәтінінде.

Бас прокуратура өкілі осы орайда Қылмыстық кодексте қарастырылған баптарды атап өтті: 174-бап (әлеуметтік, ұлттық, діни араздықты қоздыру, сондай-ақ оларды насихаттайтын материалдарды дайындау және тарату) – ауыр зияны тисе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, 400-бап (азаматтардың, ұйымдардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру) – 200 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 50 күнге дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Кезекке тұрмайды, бірақ баспана талап етеді — елорда әкімдігі митингілер туралы

Сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу ережелерін бұзған азаматтар жауапқа тартылады.

Бас прокуратура экстремистік ұйымның қызметіне қатысу және қаржыландыру үшін Қылмыстық кодексте жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті: 405-бап (экстремистік ұйымның қызметіне қатысу) — 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы, 158-бап (экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның қызметіне қатысу) — мүлкін тәркілеу, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру; 258-бап (террористік немесе экстремистік әрекетті қолдау және қаржыландыру) — мүлкін тәркілеу, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Үндеу соңында Асылов азаматтарды заң нормаларын қатаң сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және Қазақстанда тыйым салынған ұйымдардың заңсыз әрекеттері мен қызметіне қатыспауға шақырды.



sputniknews.kz