Бас имам: 35-40 мың теңгенің қойлары шариғат талабына сай келмейді
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов «Құрбан шалу рәсімін ұйымдастыру шаралары» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтты.
Малға қойылатын талаптар бар. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қойдың бағасы 50 мың, ірі қараны 350 мың деп бердік. Бұл жерде қойдың жасына назар аудару керек. 6 айға жетпеген, арықтау тоқтылардың өзін 35-40 мыңға алуларыңыз мүмкін. Бірақ қой мен ешкі 1 жасар болуы керек. Ал 1 жасар қойдың бағасы үшін 50 мың өте жақсы баға, — деді бас имам.
Ол атағандай, 35-40 мың теңгенің қойлары шариғат талабына сай келмейді.
Бір жасқа толмаған қойлар құрбандықтың орнына жүрмей қалуы мүмкін. 50 мың теңге — елордадағы базарлардағы малдың орташа бағасы осындай, — деді ол.
Бас имам елордада құрбандыққа шалынатын орындар белгілі екенін айтты.
Қой мен ешкіге жеке арнайы орын, ірі қараға арнайы орын бар. Олардың барлығында санитарлық талаптар қатаң сақталады. Құрбандық шалу үшін 40 қасапшы таңдап алынды. Олардың арнайы сертификаттары да бар. Құрбан шалушы адамның тілегін қанағаттандыру мақсатында кері есеп жібере аламыз. Бұл жерде ешқандай күмән болмауы керек. Еттің таратылуы еріктілер арқылы жүзеге асырылады. Құрбандық шарасын атқаруға сақадай саймыз, — деді Жүсіпов.
Естеріңізге сала кетейік, етке мұқтаж 2,5 мың адам онлайн өтініш түскенін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, қала аумағында санитарлық бақылау мен қадағалау
baq.kz